Accessibility links

Құқық қорғаушы Әбдірованы полиция бөлімінен босатты


Әлима Әбдірова, ақтөбелік құқық қорғаушы.
Әлима Әбдірова, ақтөбелік құқық қорғаушы.

Астанада ұсталған ақтөбелік құқық қорғаушы Әлима Әбдірованы жеке құжаттарын тексерген соң "Нұрлы жол" теміржол вокзалындағы желілік ішкі істер бөлімінен босатты. Бұл туралы Азаттыққа кезекші полиция қызметкері телефон арқылы хабарлады. Оның сөзінше, полицейлер Әбдірованың құжаттарын тексеріп, әңгімелескен соң босатқан.

- Оны бағана босатып жібердік. Ол өзі, сірә, кетпей, бәріне хабарласып шыққан тәрізді. Неден шу шығып жатқанын түсібедік, - деді кезекші полицей.

Әлима Әбдірова телефон арқылы Азаттыққа Астанаға жетіп, вагоннан түскен сәтте алты полиция қызметкері мен азаматтық киімдегі адамдарды көргенін айтты. Ол аталған адамдар өзін "екі жағынан қоршай тұрғандықтан" айналып өту мүмкін болмағанын айтады.

Құқық қорғаушының сөзінше, полицейлер өзінен жеке бас құжатын көрсетуді талап етіп, қалаға не үшін келгенін, қандай қонақүйге түсетінін сұраған. Бұдан ары Әбдірованы полиция бөліміне апарып, қандай іс-шараға келгенін анықтаған.

"Қадыр-Қасиет" қоғамдық ұйымының жетекшісі Анар Ибраева бұған дейін Әлима Әбдірованың Астанаға әріптестерінің шақыруымен "Адам құқығы саласындағы стандарттарды қамтамасыз ету - құқық қорғаушыларды қорғау және қолдау" деп аталатын дөңгелек үстелге қатысуға келгенін айтқан. Іс-шара 24 қазанға жоспарланған.

Биыл қыркүйекте сот Әлима Әбдірованы Ақтөбедегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының атына "жала жапты" деп айыптап, бас бостандығын екі жылға шектеген. Құқық қорғаушы Азаттыққа үкімнің заңды күшіне әлі енбегенін, себебі бұл іс бойынша апелляциялық шағым 8 қарашада қаралатынын айтқан.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG