Accessibility links

СІМ: Қырғызстан қаржылай көмектен бас тартатынын хабарлады


Қазақстан мен Қырғызстан тулары.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі (СІМ) Қырғызстанның Қазақстаннан қаржылай көмек алу туралы келісімнің күшін жоятыны туралы ресми түрде хабардар еткенін мәлімдеді. СІМ мәліметінше, ресми Бішкек Қазақстанның Қырғызстанға осы елдің Еуразия экономикалық одағына кіруіне техникалық қолдау көрсету үшін қаржылай көмегінен бас тартатыны туралы 23 қазан күні білдірген.

20 қазанда Қырғызстан үкіметі Жогорку Кенешке Қазақстанның қырғыз жағына 100 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаржылай көмек беретіні жөніндегі келісімнің күшін жою туралы заң жобасын жолдаған. Қырғыз вице-премьері Дуйшенбек Зилалиев Азаттыққа қырғыз тарабы көмекке мұқтаж емесін, қаржы көздерін бюджеттен немесе қазынадан тыс жерлерден іздейтіндерін айтқан. Кеше қырғыз парламентінің бюджет және қаржы комитеті көмек қаржыны алудан бас тарту туралы заң жобасын мақұлдаған.

Қазақстанның Қырғызстанға 100 миллион доллардың жәрдемін беретіні туралы келісімге былтыр Санкт-Петербургте өткен Жоғарғы Еуразия экономика кеңесінде қол қойылған. Жәрдем беру туралы уағдаластық одан бұрын жасалғанымен, құжатқа қол қою созылып келген еді.

СІМ Қазақстанның қырғыз үкіметіне олардың ЕАЭО-ға қосылу аясындағы міндеттерін орындауына қажетті техникалық жәрдемді әрқашан жедел жіберуге бейіл болғанын айтады. "Қол қойылған құжаттар дер кезінде ратификацияланды және қазақстандық көмектің алғашқы траншы алдағы қараша айында түсуі тиіс болатын. Ол қаржыны бұдан да ерте бөлуге болатын еді, бірақ қырғыз жағы қажетті құжаттар мен тиісті сметаны жіберуді кешеуілдетіп жіберді" делінген министрлік ақпаратында.

Қазақстан тарабы алғашқы транш ретінде жөнелтуі тиіс 41 миллион долларды Қырғызстан үкіметі кеден, көлік, өрт қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, санитарлық бақылау инфрақұрылымын жақсартуға жұмсауы керек болған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Қырғыз суретшісі

Лаймен салынған портрет

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG