Accessibility links

Ресей Сириядағы химиялық шабуылдарды тексеруді ұзартуға вето қойды


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиыны (Көрнекі сурет).
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиыны (Көрнекі сурет).

БҰҰ Қауіпсіздің кеңесінде Ресей Сириядағы химиялық қару қолдану оқиғасын зерттеуді бір жылға ұзартатын қарарға вето қойды. Қытай дауыс беруден бас тартты. Қауіпсіздік кеңесінің 11 мүшесі қарарды қолдап дауыс берді.

Бұған дейін Ресей АҚШ дайындаған құжаттың қаралуын 7 қарашаға ауыстыруды ұсынған, бірақ оның бұл ұсынысы қабылданбады. 26 қазанда халықаралық сарапшылар Сириядағы химиялық шабуыл туралы соңғы баяндамасын таныстырады.

Башар Асад билігі БҰҰ-ның Сирияда химиялық қару қолданған деген айыбын жоққа шығарып отыр. Биыл сәуірде Хан-Шейхунда (Идлиб провинциясы) 80-нен астам бейбіт тұрғын улы газдан қаза тапқан.

Сарапшылар мәліметтеріне қарағанда, Сирияда соңғы алты жылда 30-дан астам мәрте химиялық қару қолданылған.

XS
SM
MD
LG