Қытай төрағасы Қытай Коммунистік партиясының (ҚКП) бас хатшысы болып қайта сайланды. Си Цзиньпин бұл қызметінен өзге Қытайдың жоғарғы әскери органы - Орталық әскери кеңестің хатшысы болып екінші мерзімге бекітілді. Си Цзиньпиннен өзге ел премьер-министрі Ли Кэцян ғана партияның Саяси бюросының тұрақты комитетіндегі орнын сақтап қалды. Мұндай шешімдер Қытай Коммунистік партиясының ХІХ съезінде қабылданды.
24 қазанда ҚКП Си Цзиньпиннің есімі мен оның Қытайдың дамуы туралы идеяларын партия жарғысына енгізген. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұған дейін Мао Цзедунның ғана есімі ғана оның тірі кезінде партия жарғысында аталған. ҚКП жарғысына Си Цзиньпиннің коррупциямен күреске, Қытай мен Еуропа, Орталық Азия, Ресей, Жерорта теңізі және Парсы шығанағы елдерімен байланыстыратын экономикалық дәліздер құруға қатысты бастамалары және Қытай қарулы күштеріне ҚКП-нің бақылау орнатуы туралы идеялары қосылған.
Си Цзиньпин Қытай Коммунистік партиясын 2012 жылдан бері басқарып келеді. 2013 жылы ол Қытай төрағасы болған.