Accessibility links

СІМ: Қырғызстандықтарға шекарадағы жағдайды дұрыс түсіндірмеген


Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана (Көрнекі сурет)
Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана (Көрнекі сурет)

"Қырғызстан қоғамына қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы дұрыс ақпарат таралмаған болуы мүмкін" деп мәлімдеді Қазақстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

26 қазан күні түске дейін Бішкектегі Қазақстан елшілігі алдында бір топ белсенді жиналып, қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға қатысты наразылық білдіріп, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына елшілікке хат тапсырған. "Кыргыз чоролору" қоғамдық ұйымы ұйымдастырған "Қазақ-қырғыз бір туған" деп аталатын акцияға қатысушылар Қазақстанның шекарада тексеруді күшейтуінен екі ел азаматтары бірдей зардап шегіп отырғанын мәлімдеген.

СІМ акцияға қатысушылардың елшілік қызметкеріне Қазақстан басшылығының атына шекарадағы жағдай туралы петиция тапсырғанын растады.

10 қазаннан бастап екі ел шекарасында тексеру күшейтіліп, Қазақстанға өтетін адамдар мен көліктер кезегі пайда болған.

18 қазанда Астанада өткен келіссөздер барысында екі елдің үкімет жетекшілері келесі күннен бастап жолаушы көліктері мен жүгі бар адамдарды шекарадан өткізуді жеңілдету туралы уағдаласқан.

XS
SM
MD
LG