Accessibility links

АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы санкциясын кеңейтті


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын (ортада) әскерилер ортасында. Қыркүйек 2017 жыл.

АҚШ солтүстік кореялық әскерилер мен шенеуніктерге қатысты санкцияны күшейтті. Бұл жолғы санкцияға Солтүстік Кореяның жеті шенеунігі енгізілген. АҚШ оларды елдегі адам құқықтарының бұзылуына жауапты деп есептейді.

Атап айтқанда, санкцияға Солтүстік Кореяның әскери қауіпсіздік департаментінің басшысы, еңбек министрі және құрылыс компаниясының басшылары енген. АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин солтүстік кореялық әскерилер диссиденттердің ізіне түсуге себепкер дейді. Сонымен бірге, олар елдерінен қашып кеткен босқындарды іздеп жүріп, тұтқындаумен айналысқан.

Қазан айының соңында АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Солтүстік Кореяны ядролық қарудан бас тартқызу әрекетіне Ресей кедергі келтіріп отыр деп мәлімдеген. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қыркүйекте Солтүстік Кореяға қатысты санкцияны күшейткен.

AzattyqTV

AzatNews 25.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:17:09 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG