Accessibility links

Ресей бомбалаушы ұшағы Қазақстандағы нысанаға зымыран атты


Ресейдің Ту-160 стратегиялық бомбалаушы ұшағы.
Ресейдің Ту-160 стратегиялық бомбалаушы ұшағы.

Ресей стратегиялық ядролық қарулы күштері 26 қазанда жаттығу өткізіп, әскери ұшақтан Қазақстандағы нысанаға қанатты зымыран атты деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.

26 қазанда өткен жаттығуға Ресей стратегиялық ядролық қарулы күштерінің құрлық, теңіз және әуе күштерінің техникалары қатысты. Жаттығу барысында ұшақтары Украинка, Энгельс және Шайковка базаларынан ұшып шыққан алыс қашықтыққа ұшатын Ту-160, Ту-95МС және Ту-22М3 стратегиялық бомбалаушы ұшақтары Қазақстанның батысындағы Теректі полигоны, Камчаткадағы Кура және Коми республикасындағы Пембой полигонындағы нысаналарға қанатты зымырандар атты.

Сонымен қатар Плесецк космодромынан Кура полигонына "Тополь" құрлықаралық баллистикалық зымыраны атылды.

Жаттығуда бұған қоса Солтүстік және Тынық мұхиты флоттарының атом сүңгуір қайықтарынан, стратегиялық зымыран тасығыштардан баллистикалық зымырандар атты.

XS
SM
MD
LG