Accessibility links

Испания премьерінің орынбасарына Каталония басшысы міндеті жүктелді


Каталония аймағының орталығы Барселонада көшеде тұрған қарулы полиция жасағы. 28 қазан 2017 жыл.
Каталония аймағының орталығы Барселонада көшеде тұрған қарулы полиция жасағы. 28 қазан 2017 жыл.

Испания премьер-министрі Мариано Рахой Каталония аймағының басшысы міндетін атқаруды бірінші орынбасары Мария Сорайя Саэнс де Сантамария Антонға жүктеді.

46 жастағы Мария Сорайя Саэнс де Сантамария Антон бүгін Каталония үкіметі кеңесінде министрлер міндетін атқаруға кіріскелі отырған мемлекеттік хатшылармен кеңес өткізеді деп жоспарланған. Бұл туралы AFP агенттігі хабарлады.

Кеше, 27 қазанда Каталония парламенті аймақтың Испаниядан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін бірнеше сағаттан соң Мадрид Каталонияны тікелей басқару режимін енгізіп, аймақ басшысы Карлес Пучдемон мен ол жетекшілік ететін үкімет мүшелерін қызметтен шеттетіп, Каталония парламентін тарататыны туралы мәлімдеген. Сонымен бірге Каталония полициясының басшысы да қызметінен алынған. Ресми түрде Испания күш құрылымдарына бағынышты боп саналмайтын Каталония полициясы қатарындағылар тәуелсіздікті қолдайтындар және оған қарсылар болып жікке бөлінді деп хабарлайды Reuters.

Жұма күні Испания үкіметінің жетекшісі Мариано Рахой Каталонияда 21 желтоқсанда кезектен тыс сайлау өтетінін жариялаған.

XS
SM
MD
LG