Accessibility links

Карлес Пучдемон жақтастарын "демократиялық оппозиция" құруға шақырды


Карлес Пучдемон.
Карлес Пучдемон.

Испания үкіметі Каталония автономиялық аймағы басшылығынан шеттеткен Карлес Пучдемон Барселонада жақтастарын "демократиялық оппозиция" құруға және Мадридтегі орталық биліктің іс-әрекетіне бейбіт түрде қарсылық көрсетуге шақырды. Ол бұл туралы мәлімдемені Испания премьер-министрі Каталония аймағы басшысының міндетін атқаруды бірінші орынбасары Мария Сорайя Саэнс де Сантамария Антонға жүктегеннен кейін бірнеше сағаттан соң жасаған. Саэнс де Сантамария Антон бүгін Каталония үкіметі кеңесінде министрлер міндетін атқаруға кіріскетін мемлекеттік хатшылармен кеңес өткізеді деп жоспарланған.

Жұма күні Каталония парламенті аймақтың Испаниядан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін көп ұзамай Мадрид Каталонияны тікелей басқару режимін енгізген. Испания премьері Рахой Каталония басшысы Карлес Пучдемон мен ол жетекшілік ететін үкімет мүшелерін қызметтен шеттетіп, Каталония парламентін тарататыны туралы мәлімдеген. Сонымен бірге Каталония полициясының басшысы да қызметінен алынған. Ресми түрде Испания күш құрылымдарына бағынышты боп саналмайтын Каталония полициясы қатарындағылар тәуелсіздікті қолдайтындар және оған қарсылар болып жікке бөлінді деп хабарлайды Reuters.

Кеше Мариано Рахой Каталонияда 21 желтоқсанда кезектен тыс сайлау өтетінін жариялаған.

27 қазанда Испания бас прокуратурасының ресми өкілі Каталонияның Испаниядан тәуелсіздігін жариялауға байланысты аймақ билігінің лауазым иелеріне айып тағылуы мүмкін екені туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG