Accessibility links

Сомалиде террорлық шабуылдан 18 адам қаза тапты


Жарылыс болған жерде тұрған адамдар. Могадишо, Сомали, 28 қазан 2017 жыл.
Жарылыс болған жерде тұрған адамдар. Могадишо, Сомали, 28 қазан 2017 жыл.

Сомали астанасы Могадишо қаласында 28 қазанда болған жарылыстар салдарынан кемінде 18 адам қаза тауып, 30-дан астам адам жараланған.

Террорлық шабуыл үкімет мүшелері қауіпсіздік мәселесі бойынша конференция өткізеді деп жоспарланған қонақүйге жасалған. Сомали президентінің резиденциясына таяу орналасқан қонақүйдің жанында жанкешті автокөліктегі жарылғыш затты іске қосқан. Полицияның хабарлауынша, қауіпсіздік күштері қонақүйдің ішіне кірген күдіктілердің ізіне түскен.

Арада біршама уақыт өткенде бұрынғы парламент үйі жанында тағы бір автокөлікте жарылыс болған.

Бұл шабуылға жауапкершілікті алатынын мәлімдеген "Әл-Шабаб" радикалды исламдық тобы қонақүй ғимаратының ішінде өз адамдары барын растаған.

Бұған дейін 14 қазанда Могадишода жасалған террорлық жарылыстардан 358 адам қаза тапқан еді. Билік орындары оны да "Әл-Шабаб" тобы жасаған дейді.

XS
SM
MD
LG