Accessibility links

МАГАТЭ: Иран ядролық нысандарын тексеруде кедергі жоқ


Юкия Амано, МАГАТЭ басшысы.
Юкия Амано, МАГАТЭ басшысы.

БҰҰ инспекторлары Иранның ядролық нысандарын Тегеранның 2015 жылы жасасқан келісімдерін орындап жатқанына көз жеткізу үшін тексеру кезінде ешқандай кедергіге кезікпеді. Бұл туралы БҰҰ-ның атом энергиясы жөніндегі агенттігі (МАГАТЭ) хабарлады.

"Инспекторларымыз өздерінің міндетін кідіріссіз орындап жатыр" деді МАГАТЭ басшысы Юкиа Амано Абу-Дабиде ядролық энергетика жөніндегі конференцияда журналистерге.

АҚШ МАГАТЭ-ні Иранның ядролық нысандарын тексеруде қатаң болуға мәжбүрлеп, Тегеранның ядролық келісім талаптарын орындап жатқанына көз жеткізу үшін Иранның әскери нысандарын тексеруге билігі жүретініне күмән келтірген.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін келісімнің орындалуын тексеру режимін әлсіз деп сынаған.

"Біз Иранның ядролық қаруға ие болу әрекетіне уақытша және қысқа мерзімге кедергі келтіреміз дедік, бірақ тексеру әлсіз болып жатыр" деген Трамп 13 қазан күні.

Бірақ Амано Ақ үй әкімшілігінің шағымын жоққа шығарып, инспекторлардың Иранның әскери нысандарын тексеруде ешқандай проблемаға кезікпегенін және Иранның "әлемдегі ең сенімді ядролық тексеру жүйесіне бағынатынын" мәлімдеді.

Амано 29 қазанда Тегеранда Иран басшыларымен кездесуінен соң мәлімдеген "Иран келісім бойынша ядролық қару жасау бағдарламасын тоқтату міндетін орындап жатыр" деген сөзін тағы қайталады.

"Мен Ираннан ядролық келісім бойынша өзіне алған міндетін толық орындауды талап етті. Бұл Ирандағы кездесудің негізгі тақырыбы болды. МАГАТЭ ядролық бағдарламаға қатысты басты міндеттемелер орындалып жатыр деп айта алады" деді Амано.

XS
SM
MD
LG