Accessibility links

Айыпталушы Әбжанның туыстары жәбірленушіге ақшасын аударды


Азаматтық белсенді Махамбет Әбжан адвокаты Найля Кузбаевамен сөйлесіп тұр. Астана, 16 қазан 2017 жыл.

Азаматтық белсенді, алаяқтық жасады деп айыпталған Махамбет Әбжанның ісі қаралып жатқан Астананың Сарыарқа аудандық №2 соты 31 қазанда іс материалына жәбірленуші Ғалымжан Пановтың атына бір миллион теңгеге жуық қаржы аудару туралы төлем тапсырмасын қосты. Әбжанның туыстары пайдалануға берілмеген үйдің құрылысына үлескер болып қатысу туралы келіссөзді бұзған соң жәбірленушінің атына ақша аударған.

Махамбет Әбжанның адвокаты Фатима Берсанованың сөзінше, олар Ғалымжан Пановқа бұл туралы бір ай бұрын хабарлаған және бүгін оған бір миллион теңгеге жуық қаржы аударған. Панов осынша көлемдегі ақшаны "Ата-Кент" тұрғын үй құрылыс кооперативіне пай жарнасы есебінде салған. Бұған дейінгі сот отырысында жәбірленушіге сонымен қатар өзі салған қаржысын қайтаруды ұсынған. Бірақ ол аламын деп жоспарлаған екі пәтерді өзіне кім беретінін білмейтінін айтып, оны қайтарып алудан бас тартқан.

Оқыңыз: Үлескерлерді қорғаған белсендіні «алаяқ» деп айыптайды

Бүгінгі сотта куәгер, өзін "Ата-Кент" тұрғын үй кооперативінің төрағасы деп таныстырған Ахметзада Жәңгірден жауап алынды. Ол кооператив Ғалымжан Панов полицияға шағымданған соң оған ақшасы мен екі пәтердің инвестициялық келісімдерін қайтарып беруге ұйғарғанын айтты. Жәңгірдің сөзінше, "адамда дау туындаса, онда тұрғын үй кооперативімен жасасқан келісімі бойынша міндеттеме мерзімі аяқталмаса да, оған ақшасын қайтарып беру керек".

Әуелгі тергеу болжамына сәйкес, Махамбет Әбжан мен сотта премьер-министр канцеляриясында сарапшы болып жұмыс істеймін деп мәлімдеген "Ынтымақ Құрылыс Астана" компаниясының директоры Азамат Жетпібаев Оңтүстік Қазақстан облысы Ақсукент ауылының тұрғыны Ғалымжан Пановты "егер бір миллион теңге салсаң, „Ата-Кент“ тұрғын үй-құрылыс кооперативінен (ТҚК) үш бөлмелі пәтер сатып алуыңа болады" деп шатастырған. Тергеу болжамынша, жәбірленушіге 972 мың теңгеден көп материалдық зиян келтірілген.

Бірақ қыркүйекте Азамат Жетпібаев екінші жәбірленуші ретінде танылды, ал Махамбет Әбжанның ісінде оны Жетпібаевқа жоғары жақтағы құзырлы құрылымдар арқылы жер телімінің мақсаттылығын көп қабатты үй салу деп өзгертуге көмектесемін деген уәде беріп, "сегіз мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшаны иемденіп кеткен" деп айыптайды. Ол тұста бұл екі жарым миллион теңгеден көп ақша болатын.

Бұл іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

AzattyqTV

Күре жол мал базарға айналатын күн
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG