Accessibility links

Шахандағы жарылыс бойынша шахтерге шыққан үкім өзгермеді


Сотталушы Мұрат Сүлейменов. Шахтинск, 29 тамыз 2017 жыл.

Қарағанды облыстық соты сейсенбіде 59 жастағы шахтер, Шахан кентіндегі көп қабатты үйде "жылу қазандығының жарылуы ісі" бойынша төрт жыл шартты мерзімге сотталған Мұрат Сүлейменовтің апелляциялық шағымын қарап, алғашқы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Апелляциялық сот Шахтинск қалалық сотының Сүлейменовті "қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмысты орындады немесе қызмет көрсетті" деп айыптаған үкімімен келісті. Прокуратура үкімге қарсылық білдірмеді.

- Сүлейменов өзін толық ақтауды сұрады. Апелляциялық сот үкімді өзгертпеді. Жоғарғы сотқа жүгінеміз бе, жоқ па, оны әзірге білмеймін. Оны Сүлейменовтің өзі шешеді, - деді Азаттық тілшісіне Мұрат Сүлейменовтің адвокаттарының бірі Елеубек Қапатаев.

Бұған дейін Мұрат Сүлейменов бас прокурорға "заттай айғақтарды жойып жіберді" деп шағымданған. Адвокаттың Азаттыққа айтуынша, қазір ол шағым алғашқы сот инстанциясына берілген.

Сүлейменов жарылыс болатын кезде тұрғын үй комитеті басшысы қызметін атқарған және үш жыл бұрын көп қабатты үй тұрғындарына жылу қазандығын ауыстыруға көмектескен. Тергеу болжамынша, қазандық 2017 жылы қаңтарда жарылған. Ол жарылыстан тоғыз адам қаза тапқан.

Сотталушы өзін кінәсіз санап, өзін ақтауды сұраған. Ол қайғылы оқиға болған күні көп қабатты үйде "жылу қазандығы емес, газ баллоны жарылған" деген болжам айтқан. "Өрт болды. Оны дәлелдей аламын. Бұған қоса заттай айғақтар мен куәгерлер бар. Соттан оқиға орнына барып, әкетілген заттай айғақтарды қарап шығуды тағы да сұраймын" деген сотталушы Мұрат Сүлейменов. Бірақ судья оларды іс материалына заттай айғақ ретінде қосудан бас тартқан.

Оқыңыз: Шахандағы жарылыстың өртенген куәлігі

Тергеу болжамына қарағанда, жылу қазандығының қызып кетуі салдарынан жарылыс болып, қазандықтың қақпағын жұлып түсірген. Прокурор Айбек Ахметовтің сөзінше, құрбандардың денелерінің көп жері сынған, жаншылып, жараларының айналасы жырымдалып кеткен және күйік жаралары болған. Мұның барлығы бұлар жылу қазандығы жарылғанын айғақтайды.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG