Accessibility links

Алматы - Шымкент жолында автобус апатынан бір адам қаза тапты


Жамбыл облысының картадағы орны (Көрнекі сурет)
Жамбыл облысының картадағы орны (Көрнекі сурет)

Алматы - Шымкент жолында жолаушылар автобусы аударылып, бір адам қаза тауып, сегіз адам ауруханаға түсті деп хабарлады жергілікті агенттіктер. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатынан соң Тараз қалалық ауруханасына 28 адам жеткізілген. Олардың сегізі ауруханаға жатқызылып, 19 адам дәрігерлер тексеруінен соң қайтарылған. Бір бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Басқарманың хабарлауынша, жол апаты 31 қазан күні түнгі сағат 3:20 шамасында Жамбыл облысы аумағындағы Айша бибі ауылы маңында аударылған. Автобуста 31 жолаушы болған. 1997 жылы туған жолаушы қаза тапқан.

Жол апатына не себеп болғаны әзірг белгісіз.

XS
SM
MD
LG