Accessibility links

Астана Иордания королін "ядролық қаруға қарсы еңбегі" үшін марапаттады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иордания королі Абдалла ІІ-ні марапаттап тұр. Астана, 1 қараша 2017 жыл. Сурет ресми akorda.kz сайтынан алынды.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иордания королі Абдалла ІІ-ні марапаттап тұр. Астана, 1 қараша 2017 жыл. Сурет ресми akorda.kz сайтынан алынды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбіде Астанада Иордания королі Абдалла ІІ-мен кездесіп, оны "ядролық қаруды таратумен күресте ерекше көрінгені үшін" марапаттады деп хабарлады жергілікті агенттіктер. Иордания королі Абдалла ІІ 31 қазан мен 1 қараша аралығында Астанаға ресми сапармен жүр.

"Біздің мемлекетіміздің рөлін ескере отырып, ядролық қаруға қарсы күресте көзге түскендерге арнайы сыйлық тағайындадым. Қазақстан алғашқы сыйлықты сізге беруді жөн деп тапты, тиісті жарлыққа қол қойдым" деді Назарбаев Астанада резиденциясында шағын құрамда өткен кездесуде.

Иордания Астанада Ресей, Түркия және Иранның демеуімен өтіп жатқан Сирия бейбіт келіссөзіне бақылаушы мемлекет ретінде қатысып жатыр.

XS
SM
MD
LG