Accessibility links

Үндістанда ТЭС-тегі жарылыстан 26 адам қаза тапты


Үндістанның картадағы орны (Көрнекі сурет).
Үндістанның картадағы орны (Көрнекі сурет).

Үндістан билігі елдің солтүстігінде электр станциясында жарылыс болып, кем дегенде 26 адам қаза тапқанын хабарлады. Уттар-Прадеш штатындағы Унчахар қаласында жарылыс болған кезде зауытта болған кем дегенде 60 жұмысшы жараланған. Бұл туралы аудан әкімшілігінің жоғары шенді қызметкері Санджай Хатри хабарлады.

Жараланғандардың көпшілігі күйік шалып ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлердің хабарлауынша, құрбандар саны артуы мүмкін. Кейбір ақпараттар бойынша, 500 мегаваттық қуат блогы пилоттық сынақ режимінде жұмыс істеп тұрған. Хатри төтенше оқиғаның себептері әзірге белгісіз екенін айтады. Жарылыс болған кезде зауытта қанша адам жұмыс істеп жатқаны әзірге белгісіз.

Кәсіпорындары қауіпсіздік талаптарын жиі бұзатын Үндістанда өнеркәсіптегі төтенше оқиға өзгеше құбылыс емес.

XS
SM
MD
LG