Accessibility links

Ақ үй өзбек азаматтарының келуіне тыйым салуды жоққа шығармады


Сара Сандерс, Ақ үйдің баспасөз хатшысы.
Сара Сандерс, Ақ үйдің баспасөз хатшысы.

Ақ үй Өзбекстанды азаматтары АҚШ-қа кіруге тыйым салынған елдер қатарына кіргізу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл жөнінде Ақ үй баспасөз қызметінің жетекшісі Сара Сандерс мәлімдеді.

"Дәл қазір бұған шақырып жатқан жоқпыз, бірақ әрине, мұндайды жоққа шығармаймыз" деп мәлімдеді Сандерс.

31 қазанда Нью-Йоркте 29 жастағы Өзбекстан азаматы Сайфулло Саипов жүк көлігімен велосипед жолағында топ адамды басып өткен. Шабуылдан сегіз адам қаза тауып, 12 адам жараланған. АҚШ билігі бұл оқиғаны теракт деп танып, Сайфулло Саиповке терроризм айыбын таққан.

XS
SM
MD
LG