Accessibility links

Айықтыру мекемесіндегі кісі өлімі бойынша сот үкімі шықты


Астана тұрғыны Николай Кривенконың МӘОО ғимаратында қаза табуы бойынша сот процесі. Астана, 27 қазан 2017 жыл.

Астананың Алматы аудандық соты жұма күні қала тұрғыны Николай Кривенконың Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығында (МӘОО) қаза табуына қатысты іс бойынша үкім шығарды. Бұл іс бойынша бір полицей мен МӘОО-ның үш қызметкері сотталды. Патруль қызметінің сержанты Берік Мырзабеков "билікті немесе қызмет бабын асыра пайдаланды" және "жәбірленушінің абайсызда өліміне әкеліп соқтырған денсаулығына ауыр зардап келтірді" деп айыпталып, он жылға сотталды. МӘОО-ның фельдшері Саят Сатын мен санитарлары Фархат Қамбетов және Сұңғат Темірғалиев "жәбірленушінің абайсызда өліміне әкеліп соқтырған денсаулығына ауыр зардап келтірді" деп айыпталып, әрқайсысына сегіз жыл бас бостандығынан айыру үкімі кесілді.

Судья сотталушылардан Николай Кривенко отбасының пайдасына 2,5 миллион теңгеден астам қаржы өндіруді міндеттеді. Бұл іс бойынша сотта прокурор Мырзабековті 10 жылға, МӘОО қызметкрелерін бес жылға соттауды сұраған.

Биыл 15 наурызда 29 жастағы Николай Кривенконы полиция ұстап, МӘОО-ге жеткізіп, орталық дәлізінде оны өлімші етіп ұрып-соққан. Кривенко сол күні МӘОО камерасында көз жұмған. Бұл іс бойынша сотта айықтырғышта Кривенконы полиция мен орталық қызметкерлерінің тепкілеген сәті түсіп қалған бейне бақылау камерасындағы таспа көрсетілді.

Оқыңыз: Айықтыру мекемесіндегі "оқыс" қаза бойынша сот өтіп жатыр

26 қазанда Қазақстанның Азаптауға қарсы коалициясы бас прокурорға Кривенконың өліміне қатысты хат жазып, билікті айыптауды Қылмыстық кодекстің 141-бабының 1-бөлігі бойынша "азаптау" айыбына қайта дәрежелеуді сұраған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG