Accessibility links

Лайканың Жер орбитасына ұшырылғанына 60 жыл толды


Жер орбитасына ұшырылған ит - Лайка. 1957 жыл.
Жер орбитасына ұшырылған ит - Лайка. 1957 жыл.

60 жыл бұрын, яғни 1957 жылы 3 қараша күні Жердің екінші жасанды серігі ұшырылған. Спутник бортында ит болған. Лайка - Жер орбитасына шыққан алғашқы тіршілік иесі.

"Роскосмос" агенттігінің жазуынша, Лайка зымыран ұшуына 12 күн қалғанда таңдап алынған. Ғалымдар талқылай келе орбитаға сүтқоректі жануарлар ішінен итті ұшыруға келіскен. Лайканы олар үй жануарларын қамайтын орыннан таңдап алған. Ғалымдар асыл тұқымды ит іздемеген, өйткені олар сынаққа төзбейді деген болжам болған.

Лайканы арнайы дайындықтан өткізген. "Роскосмос" "өкінішке қарай, иттің Жерге оралмайтыны түсінікті еді" деп жазады. Ғалымдар Лайканы Жерге оралтуды жоспарламаған, ол кезде ондай технология болмаған.

Ұшқан кезде ит орасан қысымға ұшыраған. Лайка Жер орбитасын төртінші рет айналғанда өлген. Ал Азаттықтың Орыс қызметі Лайканың ұшқаннан алты сағат өткенде өлгенін жазады.

"Роскосмостың" жазуынша, "бірақ бұл тәжірибе орбитаны бірнеше рет айналуға төзуге болатынын, ғарышқа адам ұшыруға мүмкіндік бар екенін көрсеткен". Лайкаға бірнеше елде ескерткіш қойылған.

XS
SM
MD
LG