Accessibility links

БҰҰ комитеті шешімінен соң қозғалған азаптау туралы істі тергеу тоқтады


Олег Евлоев, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілген, өзінің азапталғаны туралы мәлімдеген тұтқын.
Олег Евлоев, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілген, өзінің азапталғаны туралы мәлімдеген тұтқын.

Астана прокуратурасының арнайы прокуроры тұтқын Олег Евлоевті азаптау ісі бойынша сот өндірісін тоқтатты. Сот өндірісі БҚҚ-ның азаптауға қарсы комитетінің шешімі бойынша қозғалған. Бұл туралы Азаттыққа "Қадыр-Қасиет" ұйымының жетекшісі Анар Ибраева хабарлады.

Бұл іс бойынша адвокат Разия Нұрмашева әзірге тергеудің тоқтатылғаны туралы қаулы алмағанын айтады. Оның пікірінше, "істі негізсіз тоқтатқан". Ол істі тоқтату шешіміне шағымданатынын айтады.

- Тергеу енді ғана басталған. Меніңше, куәгерлердің үштен бірін ғана тергеді, сонымен болды. Біз көзбе-көз беттестіреді деп отырғанбыз, куәгерлердің тағы жартысы сұралуы тиіс болатын, - деді Разия Нұрмашева.

Оның айтуынша, бұл іс бойынша тергеу біресе тоқтатылып, біресе қайта басталып, бірнеше рет доғарылған. Адвокат биыл 14 ақпаннан бастап, ол іске кіріскеннен 22 сәуірге дейін көзбе-көз беттестіріліп, іс қайта басталуы тиіс болған.

- Қазанда қайта бастады, бір рет түрменің өзінде көздестірген. Енді міне, кеше хабарласыпісті тоқтатқанын айтты, - деді Разия Нұрмашева.

2014 жылы БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті Қазақстан полициясы өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесілген Олег Евлоевті азаптады деп таныған. Бір жылдан соң Астана қалалық соты тұтқын Олег Евлоевтің кассациялық шағымын қанағаттандырудан бас тартқан. Ол өзінің өкілдері арқылы қалалық ішкі істер департаментінен азапталғаны үшін моральдықөтемақы төлеуді талап еткен.

Бұған дейін құқық қорғаушы Анар Ибраева Азаттыққа Евлоевтің басы мен кеудесіндегі дене жарақаттарын көрсетіп, өзін азаптағаны, ұйықтатпай, психологиялық қысым көрсеткені туралы айтқанын жеткізген.

Астана тұрғыны Олег Евлоев 2009 жылы кәсіпкер Марат Есемсейітовтің әйелі мен кішкентай үш баласын өлтірді деген айыппен өмір бойы бас бостандығынан айырылған. Евлоев өзіне қарсы істі қолдан жасалды деп біледі. Ол Қостанай облысындағы Жітіқара қаласына жақын түрмеде жазасын өтеп жатыр.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG