Accessibility links

Бельгия соты 17 қарашада Пучдемонды экстрадициялау жайын қарайды


Карлес Пучдемон
Карлес Пучдемон

Каталонияның биліктен шеттетілген шенеуніктері Бельгияда 17 қарашада сотқа тартылады. Бельгия прокуратурасының хабарлауынша, сот Каталонияның биліктен кетірілген басшысы Карлес Пучдемон мен оның төрт серігіне Еуропада қамауға алу туралы ордерді қолдану мүмкіндігін қарастырады.

Егер қамауға алу туралы еуропалық ордерді қолдануға шешім қабылданса, онда экстрадиция процесі мәселесін талқылау бірнеше аптаға созылуы мүмкін.

Прокурорлардың сөзінше, Пучдемон мен оның серіктерінің БАҚ-пен байланыс орнатуына, саяси қызметіне шектеу қойылмаған. Тек Бельгиядан сыртқа шығуға тыйым салынып, билікті жүріп-тұрған жері жайлы хабардар етіп отыру және құқық қорғау органдарына тергеуге бару міндеттелген.

Каталония тәуелсіздігін жариялаған соң Испанияның орталық билігі автономияға тікелей басқару енгізген. Мадрид Каталония парламентін таратып, жергілікті билікті қызметтен шеттеткен. Осы кезде Карлес Пучдемон мен Каталония үкіметінің бес мүшесі Бельгияға кетіп қалған. 21 желтоқсанда Каталонияда аймақтық сайлау өтеді.

XS
SM
MD
LG