Accessibility links

Украина СІМ: Ресейдің блогер Грибті ұстауға құқығы жоқ


Павел Гриб сот залында. Ресей, 18 қазан 2017 жыл
Павел Гриб сот залында. Ресей, 18 қазан 2017 жыл

Украина сыртқы істер министрлігі (СІМ) Ресейден украиналық блогер Павел Грибті босатуды талап етті. Краснодар соты 7 қарашада 19 жастағы Грибті "Сочи мектебінде теракт жасамақ болды" деп айыптап, қамауға алған. Адвокат Грибті тергеу изоляторынан үйқамаққа шығаруды сұраған.

Украина сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Марьяна Беца Twitter-де Грибті қамаудың заңсыз екенін, Ресейдің оны "ұстауға құқығы жоғын" жазды. Павел Гриб тамыздың соңында Беларусьте ұсталған. Ол бұл елге сочилік таныс қызымен кездесуге барған. Екі айдан соң жоғалған украиндіктің Краснодардағы тергеу абақтысында отырғаны белгілі болған.

Павел Грибтің әкесі ұлын Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің өкілдері ұстап әкетті деп біледі. Украина бас консулдығы Грибті ұстау жағдайын жеңілдетуді сұраған, бірақ сот оны орындаудан бас тартқан. Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты Грибтің денсаулығы нашарлағандықтан оған украиналық дәрігерлерді кіргізуді талап етеді.

XS
SM
MD
LG