Accessibility links

АҚШ Кубаға қарсы санкциясын қатаңдатты


Куба астанасы Гаванадағы АҚШ елшілігі (Көрнекі сурет).
Куба астанасы Гаванадағы АҚШ елшілігі (Көрнекі сурет).

АҚШ қаржы министрлігі Кубаға қарсы санкцияны қатаңдатуға шешім қабылдады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, Куба армиясына, барлау қызметі мен қауіпсіздік қызметіне жаңа шектеулер енгізілмек.

АҚШ қаржы министрлігі жаңа санкциялар Куба арнайы қызметі мен әскерилері атынан әрекет ететін жеке және заңды тұлғаларға салынатынын айтады. Санкция салынатын адамдар тізімі кейінірек жарияланбақ. Бұдан өзге, америкалық азаматтар санкцияға ілінген кубалық азаматтармен және ұйымдармен қаржылық операциялар жасай алмайды.

АҚШ пен Куба 2015 жылы 50 жылдан астам уақыт бойғы үзілістен соң дипломатиялық қарым-қатынасын қайта қалпына келтірген. Бірақ биыл қыркүйекте Вашингтон Кубадағы елшілігі қызметкерлерінің 60 пайызын акустикалық шабуылдан олардың денсаулығына зиян келу қаупіне байланысты қайтарып алған. АҚШ елшілігі сонымен қатар Куба азаматтарына америкалық виза беруді уақытша тоқтатқан.

XS
SM
MD
LG