Accessibility links

Сот Навальныйдың Путинге шағымын қабылдамады


Алексей Навальный, ресейлік оппозиционер
Алексей Навальный, ресейлік оппозиционер

Мәскеудің Твер соты оппозиционер Алексей Навальныйдың Ресей президенті Владимир Путинге қарсы шағымын қарамады. Бұл жөнінде Коррупциямен күрес қорының заңгері Иван Жданов Facebook-те хабарлады.

Шағымданушы жақ соттың шағымды қараудан бас тартуына берген түсініктемесін әлі алмаған.

Өткен аптада Мәскеу соты Навальныйдың Путинге қарсы шағымын тіркеген. Шағымда Кремльдің нұсқауымен аймақтағы билік өкілдері оппозиция лидеріне митинг өткізуге рұқсат бермей жатқандығы айтылған. Навальный соттан мемлекет басшысының іс-әрекеттерін заңсыз деп тануды сұраған.

Кремль оппозиционердің айыптауына байланысты "Ресей президенті акцияларға рұқсат берумен не тыйым салумен айналыспайды" деп жауап берген.

Алексей Навальный 2018 жылы өтетін президент сайлауына қатысатынын айтып, аймақтарда үгіт-насихат шараларын өткізіп жүр. Ресейдің көптеген қаласында саясаткерге митинг түрінде кездесулер өткізуге тыйым салып жатыр. Навальный штабының еріктілері мен қызметкерлері билік тарапынан түрлі қысымдар көріп жатқандарын мәлімдейді.

XS
SM
MD
LG