Accessibility links

Назарбаев пен Путин Челябинскіде екі жақты қарым-қатынасты талқылайды


Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Челябинскіде бүгін Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кездесіп, екі жақты қарым-қатынас мәселелерін талқылайды. Назарбаев 8 қарашада Қостанай облысында шетелдік инвесторлармен кездесуінде "Ресейге қарсы ауыр санкциялар салынып жатқанда біз бұл елді қолдауымыз керек" деп мәлімдеген.

Екі президент те кейінірек жыл сайын өтетін аймақаралық форумға қатысады. Ресей мен Қазақстанның осымен 14-рет өткізілетін аймақаралық форумына министрлер, облыс басшылары мен екі елдің ірі бизнес өкілдері қатысады.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қою, екі елдің дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толуына орай бірлескен мәлімдеме жасау жоспарланып отыр.

Батыс елдері Ресейге Қырымды аннексиялап алғаны және Украинаға қарсы агрессиясы үшін енгізген санкцияларын бірнеше рет ұзартып, күшейткен. Донбаста Украина әскерилері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасындағы 2014 жылдың сәуірінде басталған ұрыс қимылдарынан кем дегенде 10 мың адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG