Accessibility links

Федерика Могерини Қырғызстан мен Өзбекстанға сапарлайды


Федерика Могерини, Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі бас комиссары.
Федерика Могерини, Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі бас комиссары.

Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини 9 қарашада Қырғызстан мен Өзбекстанға сапарын бастады. Могерини сапарында екі ел басшылығымен кездеседі.

Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Могерини Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен, президент болып сайланған Сооронбай Жээнбековпен және премьер-министр Сапар Исаковпен кездеседі. Келіссөзде бірқатар мәселе, оның ішінде ЕО мен Қырғызстан арасындағы екі жақы қарым-қатынас жөніндегі жаңа келісім де талқыланбақ. Бұл келісім 1999 жылы қабылданған келісімді алмастырмақ.

8 қарашада ЕО Федерика Могерини Бішкектегі кездесулерінен соң Самарқанда өтетін ЕО-Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерінің жыл сайынғы 13-кездесуіне қатысатынын хабарлаған. Мұнда ол Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен және Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерімен кездеспек.

Федерики Могерини Брюссельден Қырғызстанға шығарының алдында Орталық Азия ЕО үшін өте маңызды аймақ екенін мәлімдеген. ЕО комиссарының баспасөз хатшысы адам құқықтары ЕО-ның Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасындағы маңызды аспект екенін айтқан.

"Еуропа Одағы мен аймақ елдері қауіпсіздік мәселесінен бастап радикализм және экстремизммен күреске дейін, сауда-саттықтан азаматтық қоғамды қолдауға дейін мәселелерде сенімді әріптес. Біздің жыл сайынғы кездесуіміз өткен жылы не нәрсеге қол жеткізгенімізді талдауға және тезірек даму үшін, аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылықты бекемдеу үшін алға көз тастауға мүмкіндік береді" деді Могерини.

XS
SM
MD
LG