Accessibility links

Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы істер министрлері кездесті


Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов (сол жақта) қырғызстандық әріптесі Эрлан Абдылдаевпен кездесіп тұр. Самарқан, 9 қараша 2017 жыл. (Сурет Қазақстан сыртқы істер министрлігінің веб сайтынан алынды).
Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов (сол жақта) қырғызстандық әріптесі Эрлан Абдылдаевпен кездесіп тұр. Самарқан, 9 қараша 2017 жыл. (Сурет Қазақстан сыртқы істер министрлігінің веб сайтынан алынды).

Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Самарқанда Қырғызстан сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен кездесіп, екі жақты және аймақтық кейбір мәселелерді талқылады. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, кездесу 9 қарашада болған.

Министрлер екі жақты қарым-қатынас, Еуразия экономикалық одағы аясындағы интеграция мәселелерін талқылап, қазақ-қырғыз қарым-қатынасын нығайтуға мүдделі екенін және туындаған сауда-экономикалық мәселелерді жеделдете шешу қажеттігін айтқан.

Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы істер министрлері Самарқанға жыл сайын өтетін Еуропа Одағы - Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерінің жиынына қатысуға барған.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынас 10 қазанда Қазақстан көрші елмен шекарада тексеруді күшейтіп, шекарада кісі мен көлік кезегі көбейген соң нашарлай бастаған. Астана шекарадағы тексеруді күшейтуді "Қырғызстаннан келетін контрабандамен күрес" деп түсіндірген. Бішкек болса Қазақстан жағы шекарада "қолдан кедергі жасап отырғанын" айтады.

XS
SM
MD
LG