Accessibility links

Ресейлік сатирик Михаил Задорнов қайтыс болды


Михаил Задорнов, ресейлік сатирик жазушы.
Михаил Задорнов, ресейлік сатирик жазушы.

Ресей сатирик жазушысы Михаил Задорнов 69 жасында қайтыс болды деп хабарлады ресейлік "Известия" газеті. Задорновтың көз жұмғанын "Москва" агенттігіне "Аншлаг" бағдарламасының жүргізушісі Регина Дубовицкая растады. Бұған дейін жазушының қатерлі ісікпен ауыратыны белгілі болған. 2016 жылы оған Германияда операция жасаған.

Задорнов 1948 жылы туған. Ғұмырында оннан астам кітап жазып, совет және Ресей телеарналарында әзіл-сықақ бағдарламаларына қатысты. Ол "Зоолтой телёнок", Аркадий Райкин кубогы сияқты сыйлықтарға ие болып, Ресейде және шетелде концерт берді. Ол қайта құру жылдары ерекше танылды.

Задорнов бұдан басқа славяндардың шығу тегін іздестірумен де танымал болып, онысы лингвист ғалымдардың қатаң сынына ұшырады. Соңғы жылдары ол монологтарында Батысты, әсіресе АҚШ-ты сынады.

XS
SM
MD
LG