Accessibility links

ІІД: Алматыда арнайы операцияда қарулы екі күдікті ұсталды


Алматыдағы полиция көліктері (Көрнекі сурет).
Алматыдағы полиция көліктері (Көрнекі сурет).

Алматыда қалалық шкі істер департаменті 12 қараша күні "жедел іс-шара барысында қылмыс жасады деген екі күдікті ұсталғанын хабарлап, қалада атыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Бұған дейін тұрғындар әлеуметтік желілерде полиция көліктері Фурманов көшесі мен Сәтбаев көшесінің қиылысын жапқанын, атылған оқ үнін естігенін хабарлап, оқиға орнынан суреттер мен видео жариялаған.

Tengrinews.kz ақпараттық сайтының хабарлауынша, ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлерінің 12 қараша күні түнгі сағат 23 шамасында Бостандық ауданы аумағында жүргізген арнайы операциясында Оңтүстік Қазақстан облысының 1994 және 1960 жылы туған екі тұрғынын ұстаған. Олардың көлігін тінту кезінде "жарық-дыбыстық автомат пен оның бос патрондары, аңшы пышағы мен оқ өтпейтін кеудеше табылған". Күдіктілердің бұған дейін қару сақтау, есірткі қылмысы және алаяқтық үшін қылмыстық жауапқа тартылғаны анықталған. Қазір бұл оқиға бойынша тергеу басталған.

XS
SM
MD
LG