Accessibility links

Түркия мен Ресей Сирияны реттеуде бірлесіп жұмыс істемек


Түркия президенті Режеп Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Сочидегі кездесуде. 13 қараша 2017 жыл.
Түркия президенті Режеп Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Сочидегі кездесуде. 13 қараша 2017 жыл.

Түркия мен Ресей Сириядағы шиеленісті саяси жолмен шешуде бірлесіп жұмыс істеу жөнінде келісімге келді. Бұл жөнінде Түркия президенті Режеп Ердоған Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен соң мәлімдеді.

Ердоған Түркияның Ресейге ауыл шаруашылығы тауарларын жеткізетініне, осыған дейінгі барлық шектеулердің алынып тасталғанына ризашылық білдірді.

"Ресей мен Түркия 2023 жылға қарай "Аккую" атом электр станциясының (АЭС) бірінші реакторын іске қосады" деп хабарлады Путин келісімнен кейінгі баспасөз мәслихатында. Путиннің сөзінше, таяу уақытта "Росатом" атом-энергетикалық компаниясы"Аккую" алаңында жұмысын бастайды.

Ресей президенті берген мәлімет бойынша, 2016 жылы екі ел арасында тауар алмасу көлемі 30 пайызға төмендеп кетсе, биыл алғашқы тоғыз айда ол 38 пайызға өскен. Путин сонымен бірге Ресей мен Түркия барлық бағыт бойынша, оның ішінде Сириядағы жағдайды реттеуде бірлесіп жұмыс істеуді жалғастырып жатқанын айтты.

Осыған дейін Түркия президенті Ресей мен АҚШ Сириядан әскерін шығарсын деп мәлімдеген болатын.

XS
SM
MD
LG