Accessibility links

Режиссер Олег Сенцов айып изоляторына жабылды


Олег Сенцов, украин режиссері.
Олег Сенцов, украин режиссері.

"Қырым терроршылары" ісі бойынша сотталған украин режиссері Олег Сенцовты колонияға этаппен апарған соң айып изоляторына жапты. Бұл жайында "Агора" халықаралық құқық қорғау тобының басшысы Павел Чиков Telegram каналында хабарлады. Сенцовты не себепті айып изоляторына жапқаны белгісіз.

Ресей соты Сенцовті 2015 жылы тамызда "Симферопольде Лениннің ескерткішін жармақ болды" және "Русская община Крыма" ұйымы мен Единая Россия" партиясының кеңселерін өртемек болды" деп айыптап, 20 жылға соттаған. Сенцов өзіне тағылған айыптарды мойындамаған. "Мемориал" құқық қорғау орталығы оны саяси тұтқын деп таныған.

Биыл қазанда Олег Сенцовты Ямал-Ненецкий автономиялық округінің Лабытнанги қаласындағы №8 тәртібі қатаң түзеу колониясына жеткізген.

XS
SM
MD
LG