Accessibility links

СІМ: Сириядан Грозныйға жеткізілген қазақстандықтар елге қайтарылады


Әнуар Жайнақов, Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы. Астана, 14 қараша 2017 жыл.

Сириядағы соғыс аймағынан Грозныйға жеткізілген Қазақстанның бес азаматы таяу уақытта отанына жеткізіледі деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

Астанада үкімет жиынынан соң журналистерге комментарий берген Жайнақовтың айтуынша, Орал қаласының тұрғыны - 1988 жылы туған әйел мен оның төрт баласы басқа бір топ ресейлікпен бірге 13 қараша күні кешке Грозныйға арнайы рейспен жеткізілген.

"Оларды Грозный әуежайында Қазақстанның Ресейдегі елшілігі қызметкерлері күтіп алды. Әйелдің үлкен баласының жасы 5-те - 2012 жылы туған, кіші баласы жасқа толмаған" деген Жайнақов қазақстандықтарға қатысты басқа ақпарат бермеді.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров 13 қараша күні кешке Сириядағы соғыс аймақтарынан Ресейдің 34 азаматы, бес Қазақстанның бес азаматы мен Өзбекстанның екі азаматы - барлығы 41 әйел мен баланың Грозныйға жеткізілгенін хабарлаған.

  • 16x9 Image

    Өркен ЖОЯМЕРГЕН

    Өркен Жоямерген 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің бакалаврын, 2008 жылы магистратурасын тәмамдаған. Қызмет жолын "Алматы Ақшамы" газетінен бастаған. Алматы және Астана қалаларындағы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. Қазір Азаттық Радиосы Астана бюросының жетекшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG