Accessibility links

Читада нацистерді мысқылдағаны үшін студенттің iPhone-ын тәркіледі


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейдің Чита қаласының соты Забайкальск мемлекеттік университетінің студенті Николай Макаровты "Вконтакте" әлеуметтік желісінде суретті бөліскені үшін "нацистік символды насихаттады" деп айыптап, екі жарым мың рубль айыппұл салды. Сот сонымен қатар оның құны 40 мың рубль тұратын iPhone-ын тәркілеуге қаулы шығарды.

Студент свастика мен қолдарын нацистік ишарамен көтеріп тұрған адамдар бейнеленген туы бар Үшінші рейх кезіндегі суретті бөліскен. Ондағы адамдардың бірі қолын көтерудің орнына ізет білдіріп тұр. Картинкада "Совет тыңшысы болсаң, тағылықпен үйітілесің" деп жазылған.

Судья сотта бұл суреттің тарихи картина екенін және оның әзіл ретінде жарияланғанын ескермеді.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, соңғы жылдары нацистік символдарды жариялау бабымен жауапқа тартылғандар саны 3,5 есеге өсіп, екі мыңға жеткен. Ресейде свастиканы көрсетуге ресми түрде тыйым салынбаған. Федералдық телеарналарда Екінші дүниежүзілік соғыс туралы фильмдер көрсетіледі, кітапханаларда соғыс жылдарындағы суреттер басылған кітаптар да жетерлік. Құқық қорғаушылар бұл мәселеде тыйым жеке адамдарға ғана қарастырылған деп біледі.

XS
SM
MD
LG