Accessibility links

ФСБ: "Таблиғи Жамағат" ұйымының 69 "мүшесі" ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Мәскеуде және Мәскеу облысында "Таблиғи Жамағат" діни ұйымының мүшесі деген 69 күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Ресей Жоғарғы соты бұл ұйымды экстремистік ұйым деп танып, қызметіне тыйым салған.

ФСБ "Орталық Азия елдерінен шыққан азаматтар басқарған өте құпия құрылымды" әшкерелегенін айтады. Ведомство бұған қоса экстремистік мазмұндағы әдебиеттер мен "заңға қайшы әрекеттер туралы есептері бар" ақпарат тасымалдау құрылғыларын тәркілегенін мәлімдеді.

Арнайы қызмет ұсталғандардың аты-жөні мен бұл іске қатысты басқа ақпарат бермеді.

"Таблиғи Жамағат" қозғалысы 1926 жылы Үндістанда құрылып, әлемнің көп еліне таралған. Қалыпты ислам өкілдері "Таблиғи Жамағатты" радикалдық ұйым деп санайды. Ресей 2009 жылы ұйымды елдің территориялық тұтастығы мен тұрақтылығына қауіп төндіреді деп айыптап, экстремистік ұйым деп жариялаған.

Ресей құқық қорғау органдары "Таблиғи Жамағат" ұйымының өкілдерін ұстағаны туралы бұған дейін де, әсіресе Қырым түбегін аннексиялап алған соң қозғалған экстремизм туралы қылмыстық істер аясында тұтқындағанын хабарлаған. "Таблиғи Жамағаттың" өзі заңсыз іс-әрекет жасайтынын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG