Accessibility links

Өзбекстанда жанармай бағасы қымбаттады


Өзбекстанда жанармай құю бекетінде кезекте тұрған көліктер (Көрнекі сурет).
Өзбекстанда жанармай құю бекетінде кезекте тұрған көліктер (Көрнекі сурет).

"Өзбекстанда 15 қарашадан бастап жанармай бағасы шамамен 40 пайызға қымбаттады" деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары. Тиісті қаулыны үкімет 14 қарашада қабылдаған. Бұл ақпаратты "Өзбекмұнайгаз" компаниясы растады.

Құжатқа сәйкес, енді АИ-80 маркалы бензиннің литрі 1000 сумға қымбаттап, 3800 сум (шамамен 47 цент) болады. АИ-91 бензині 4300 сум тұрады. Мұндай баға республикадағы барлық жанармай құю бекеттеріне орнатылады.

Хабарларға қарағанда, жанармай бағасын қымбаттатуға елдегі жанармай тапшылығы әсер еткен. Бұл мәселені шешу үшін "Өзбекмұнайгаз" ұлттық холдинг компаниясы бензин бағасын өсіруге шешім қабылдады.

Мемлекеттік компания мұндай қадам "нарықты алыпсатарлардан тазартуға мүмкіндік беретінін" айтады

Өзбекстан үкіметі жыл сайын бензин бағасын қымбаттатып келеді. 2016 жылы жанармай құны екі мәрте өскен.

XS
SM
MD
LG