Accessibility links

AP: Зимбабведе әскерилер президент Мугабені қамауға алды


Хараре көшелерінде күзетте тұрған әскери техника. Зимбабве, 15 қараша 2017 жыл.

Зимбабведе әскерилер ел президенті Роберт Мугабені қамауға алды деп хабарлайды Associated Press (AP) агенттігі. Бұған дейін армия қаржы министрін тұтқындап, мемлекеттік ZBC телеарнасының кеңсесін басып алған. Дегенмен, әскерилер елде мемлекеттік төңкеріс жасалғанын жоққа шығарып, Мугабе мен оның отбасына қауіп төніп тұрмағанын айтады. Әскерилер өздері президент Мугабенің айналасын "қылмыскерлерден тазартып жатқанын" мәлімдейді.

Жергілікті БАҚ-ың мәліметінше, Зимбабвені 1980 жылдан бері басқарып келе жатқан Мугабе отставкаға кетуге дайындалып жатыр, ал оның мұрагері бұдан бұрын хабарланғандай әйелі Грейс Мугабе емес, вице-президент Эммерсон Мнангагва болмақ. Өткен аптада 93 жастағы Роберт Мугабе Эммерсон Мнангагваны "мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды" деп айыптап, отставкаға жіберген. Мнангагва Мугабенің "ықтимал мұрагері" саналған әрі армияның қолдауына ие болған. Зимбабве қарулы күштерінің басшысы елдегі саяси дағдарысты тоқтатуға "араласуға" дайын екенін мәлімдеген.

Кеше ел астанасы Харареде, атап айтқанда Мугабе резиденциясы маңында атыс пен жарылыс үні естілген. Reuters агенттігі Хараре маңында әскери техника мен танктер байқалғанын хабарлаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG