Accessibility links

Бір топ демократ Трампқа импичмент жариялау процесін бастады


Дональд Трамп, АҚШ президенті. 14 қараша 2017 жыл.

АҚШ Конгресіндегі демократиялық партияның бір топ өкілі президент Дональд Трампқа импичмент жариялау процесін бастағанын хабарлады. Сенатор Стивен Коэн бастаған алты демократ президентті АҚШ Конституциясын бұзды деп айыптаған құжатын жариялады.

Импичмент бастамасын көтергендер Трамптың Конституцияны бұзғанына Федералдық тергеу бюросының директоры Джеймс Комиді қызметінен босатқанын, сот органдарына қысым жасағанын мысал етіп көрсетеді. Демократтар сонымен бірге президентті салық декларациясын жариялаудан жалтарды деп кінәлайды. Конгресмендер үндеуі өкілдер палатасына жіберілді.

АҚШ Конституциясында президентке импичмент жариялау мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін импичмент өкілдер палатасының көпшілік даусын жинап, сенат мүшелерінің үштен екісінің қолдауына ие болуы тиіс.

Биыл шілдеде Конгреске президентке импичмент жариялау туралы ұсыныс түскен. Бірақ оны конгресмендер қолдамаған. Демократтар бұған балама ретінде тәуелсіз комиссия құрып, оған президент сайлауы кезінде Трамп командасы мен Кремль арасында астыртын сөз байласу болған, я болмағанын анықтауға тапсырма беруді ұсынған.

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG