Accessibility links

Сирияда босқындар лагеріндегі жарылыстан 20 адам өлген


Сирияның Дейр-эз-Зор қаласындағы жарылыстан кейін әуеге көтерілген түтін. 2 қараша 2017 жыл.
Сирияның Дейр-эз-Зор қаласындағы жарылыстан кейін әуеге көтерілген түтін. 2 қараша 2017 жыл.

Сирияның шығысындағы Дейр-эз-Зор қаласы маңындағы босқындар лагерінде болған жарылыс салдарынан кемінде 20 адам қаза тауып, 30 адам жараланған. Бұл туралы сириялық баспасөз құралдарына сілтеме жасап Reuters хабарлады.

Агенттік мәліметі бойынша, лагерь аумағында «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының автокөлігі жарылған. Жарылыс Сирия президенті Башар Асад әскері бақылайтын аймақта болған деп хабарлайды Reuters.

Сонымен бірге Дамаскінің шетінде әуе шабуылы салдарынан кемінде бес бала мен екі ересек адам қаза тапқаны туралы хабарлайды Associated Press. Құқыққорғаушылар әуе шабуылына сириялық үкімет әскерінің қатысы барын айтады.

АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштері 2014 жылдан бері Сирияда радикалды исламшыларға қарсы күрес жүргізіп жатыр. Коалиция сириялық демократиялық күштерге қолдау көрсетеді. Ресей Сирияда әскери операциясын 2015 жылғы 30 қыркүйекте бастаған. Халықаралық коалиция Мәскеуді президент Башар Асадқа жәрдемдеседі деп сынайды. Батыс елдері Асад режимі адам құқықтарын жаппай бұзады деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG