Accessibility links

Мугабенің көлік кортежі президент резиденциясынан кеткен


Роберт Мугабе (ортада) Хараредегі Ашық университет түлектеріне диплом тапсыру рәсімінде. Зимбабве, 17 қараша 2017 жыл.

Зимбабве президенті Роберт Мугабенің кортежі ел астанасы Хараре қаласындағы "Көгілдір шатыр" резиденциясынан шығып кеткені туралы хабар тарады. Ондағы көліктердің бірінде Мугабенің өзі болған-болмағаны әзірше белгісіз. Президент кортежі шыққан кезде сол маңға жиналған Мугабеге наразы жұрт айғайлап, ысқырған. Резиденцияны қоршап тұрған әскерилер оларды кортежге жақындатпаған.

Зимбабведе қарашаның 15-інде әскери төңкеріс жасаған елдің қарулы күштері басшылығы биліктің бейбіт жолмен ауысуына бейілді екенін мәлімдеген. Сол кезден бері Роберт Мугабе мен әйелі Хараредегі "Көгілдір шатыр" резиденциясында әскерилердің бақылауында болған. 17 қарашада Роберт Мугабе Хараредегі Ашық университет түлектеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысқан. Бұл шараға әскерилермен бірге келген Мугабе елдегі жағдай туралы ештеңе айтпаған.

Жексенбі күні партия жиындары өтіп, Мугабе мен оның әйелін барлық жетекші қызметтерден босату туралы шешім қабылдануы мүмкін деп хабарлайды Reuter.

93 жастағы Роберт Мугабе Зимбабве Ұлыбританиядан тәуелсіздік алған 1980 жылдан бері билік басында отырған.

Оқыңыз: Зимбабведе - төңкеріс, Мугабе - "қамауда"

AzattyqTV

78 жастағы атлет
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00
Аққоян Ырсалиев

78 жастағы атлет

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG