Accessibility links

Зимбабведе Мугабе биліктен "біржола кетті"


Роберт Мугабенің суретін ұстаған адам Хараре көшесінде тұр. 18 қараша 2017 жыл.
Роберт Мугабенің суретін ұстаған адам Хараре көшесінде тұр. 18 қараша 2017 жыл.

Reuters ақпарат агенттігі Зимбабве президенті Роберт Мугабенің отставкаға кеткенін хабарлады. Мугабе өз хатында "шешімді ерікті түрде қабылдағанын, билікті бейбіт жолмен тапсыруға дайын екенін" айтқан.

Президент биліктен кеткен соң ел астанасы Харареде халық көшеге шығып, тойлай бастаған.

15 қарашада Зимбабведе әскерилер төңкеріс жасап, билікті басып алған. Ал 19 қарашада "Зимбабвенің африкалық ұлттық одағы – Патриоттық майдан" партиясы Мугабені партия басшылығынан алып, биліктен кетпесе импичмент жариялайтынын мәлімдеген. Осы күні Мугабе елдегі CNN арнасының эфирінде сөйлеген сөзінде "биліктен кетпейтінін" айтқан еді.

93 жастағы Роберт Мугабе Зимбабве Ұлыбританиядан тәуелсіздік алған 1980 жылдан бері билікте отырған.

XS
SM
MD
LG