Accessibility links

Мәскеуде журналист Әли Ферузды сотқа тартты


Журналист Әли Феруз.
Журналист Әли Феруз.

Ресейде бірнеше айдан бері шетел азаматтарын уақытша ұстау орталығында отырған "Новая газета" басылымының тілшісі Әли Ферузды полиция қызметкерлері 21 қараша күні кешке орталықтан алып кеткен. Бұл туралы "Новая газетадағы" әріптестеріне Феруздың өзі хабарлаған. Полиция оған әкімшілік заңнаманы бұзғаны туралы хаттама көшірмесін көрсетіп, Мәскеудегі Басман сотына апарған.

Басылым полицияның бұл әрекетінің Феруздың жұмыс істеген орнын тексеруге қатысы бар деп болжайды. 16 қарашада газет редакциясын көші-қон жөніндегі бөлім қызметі тексерген.

Өзбекстан азаматы Әли Феруз (шын аты-жөні - Худоберди Нурматов) бірнеше жылдан бері Ресей билігінен босқын мәртебесін ала алмай жүрген болатын. Ресей ішкі істер министрлігі "Феруз Өзбекстанға оралу жеке басына қауіпті екендігіне дәлел келтіре алмады" деген уәж айтқан. Бірақ журналистің туыстары, әріптестері мен құқық қорғаушылар Өзбекстанда Феруздың өміріне қатер төнеді дейді.

1 тамыз күні Мәскеуде Ферузды "көші-қон заңын бұзды" деген айыппен ұстаған. Кейін Ресей соты Феруздың шағымы Еуропаның адам құқығы жөніндегі соты қарағанға дейін журналисті Өзбекстанға депортациялау туралы шешімнің күшін уақытша тоқтатқан. Әли Феруз содан бері шетел азаматтарын уақытша ұстау орталығында отыр.

XS
SM
MD
LG