Accessibility links

Халықаралық трибунал Ратко Младичке үкім шығарды


Ратко Младич Халықаралық трибуналда өзіне үкім оқылатын сәтті күтіп тұр. Гаага, 22 қараша 2017 жыл.
Ратко Младич Халықаралық трибуналда өзіне үкім оқылатын сәтті күтіп тұр. Гаага, 22 қараша 2017 жыл.

БҰҰ-ның халықаралық Гаага соты бұрынғы Югославиядағы соғыс қылмыстары бойынша істі қарауды аяқтап, 22 қарашада бұрынғы босниялық серб командирі Ратко Младичке үкім шығарды. Трибунал Младичті 1990 жылдары Босния соғысы кезінде жасалған геноцид, адамзатқа қарсы және соғыс қылмыстарының 11 оқиғасы бойынша айыпты деп танып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

74 жастағы Ратко Младич Босния астанасы Сараеводағы бейбіт тұрғындарды артиллериялық қарудан атқылауға және 1995 жылы шілде айында Сребреницада сегіз мыңға жуық мұсылман ер адамдар мен ұл балаларды қырған қылмысқа байланысты сотталды.

Оқыңыз: Младич ең қандықол әскербасы атануы мүмкін

Младич үкім оқылатынның алдында судьяларға айқайлап, сот залынан шығарып жіберілді. Мұның алдында судьялар Младич адвокатының сот процесін тоқтату туралы талап-арызын қайтырып тастаған.

XS
SM
MD
LG