Accessibility links

Ресей Сарышағанда жаңа зымыран сынағанын хабарлады


Ресей әскери әуе-ғарыш күштері "Батыс 2017" әскери жаттығуы кезінде ұшырған "Искандер" тактикалық зымыраны. 18 қыркүйек 2017 жыл (Көрнекі сурет).

Ресей қорғаныс министрлігі 24 қарашада Қазақстаннан жалға алған Сарышаған полигонында зымыраннан қорғаныс жүйесінің (ЗҚЖ) жетілдірілген зымыранын сынағанын хабарлады. Ресми хабарламада зымыранның қашан сыналғаны айтылмаған. Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, зымыраннан қорғаныс жүйесінің жетілдірілген зымыраны "Мәскеу қаласын әуе-ғарыштық шабуылдан қорғайды" және ол Ресей әуе-ғарыш күштерінің сапына алынған.

Зымыраннан және әуе шабуылынан біріккен қорғаныс күштері қолбасшысының орынбасары Андрей Приходьконың мәлімдеуінше, "зымыран шартты нысананы белгіленген уақытта атып түсірген".

Биыл 26 қыркүйекте Ресей қорғаныс министрлігі Қазақстанмен шекарадағы Астрахан облысында орналасқаннан полигоннан "Тополь" құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізгенін хабарлаған. Ол кезде зымыран Сарышаған полигонындағы шартты нысананы атып түсірген.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG