Accessibility links

Брюссельде "Шығыс әріптестігінің" кезекті саммиті басталады


ЕО-ның "Шығыс әріптестігі" бағдарламасы саммитіне қатысушы елдердің басшылары. Брюссель, 23 қазан, 2017 жыл.
ЕО-ның "Шығыс әріптестігі" бағдарламасы саммитіне қатысушы елдердің басшылары. Брюссель, 23 қазан, 2017 жыл.

Брюссельде 24 қарашада бесінші Еуропа Одағының (ЕО) "Шығыс әріптестігі" саммиті ашылады. Оған постсоветтік алты ел - Украина, Молдова, Грузия, Армения, Әзербайжан және Беларусь қатысады. Кездесу екі жылда бір рет өтіп тұрады. "Шығыс әріптестігінің" басты мақсаттарының бірі – ЕО мен ТМД шекараларында тұрақтылық пен демократия орнату, экономикалық интеграцияны дамыту болып саналады.

Бұл жолғы саммитке Беларусь президенті Александр Лукашенко қатыспайды. Беларусь сыртқы істер министрлігінің өкілі Алексей Шупляк бұған дейін саммитке Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макей қатысатынын хабарлаған.

Жұма күні саммитте Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй сөз сөйлейді. Ол Ресей тарапынан болып отырған қауіп туралы айтады деп болжанып отыр. Британ премьер-министрі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мэй посткеңестік елдерді "Мәскеу жасап жатқан әрекеттермен бірлесіп күресуге" шақырады. Ұлыбритания "Шығыс әріптестіг" елдерінде "жалған ақпаратпен күресу" үшін шамамен 100 миллион фунт стерлинг бөледі.

"Шығыс әріптестігі" бағдарламасы 2009 жылы ЕО-ның бастамасымен құрылды. Бұл бағдарламадағы үш ел - Украина, Грузия және Молдова ЕО-мен ассоциация туралы келісім жасасып үлгерді. Осы арқылы еркін сауда аумағы құрылған, бұл елдің азаматтары Шенген келісіміне кіретін елдерге визасыз кіреді. Ресей "Шығыс әріптестігі" өз экономикасына қауіпті екенін бірнеше мәрте мәлімдеген. Брюссель бұл айыптарды жоққа шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG