Accessibility links

Сепаратистік "ЛХР" басшысы Игорь Плотницкий отставкаға кетті


Игорь Плотницкий. 22 қараша 2017 жыл.

Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистердің өзін-өзі жариялап алған "Луганск халық республикасының" басшысы Игорь Плотницкийдің отставкаға кеткені туралы ақпарат тарады. Сепаратистердің "Луганскинформцентр" сайты Плотницкийдің қызметінен "денсаулық жағдайына байланысты" кеткенін хабарлаған.

Алдағы "сайлауға дейін" басшы міндетін атқару "ЛХР мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі" жетекшісі Леонид Пасечник атқармақ. Минск келісімдеріне бейіл екені туралы мәлімдеген Пасечниктің айтуынша, Плотницкий "ЛХР"-дің Минск келісімдерін орындау жөніндегі уәкілі болып тағайындалған.

Бұған дейін, қарашаның 21-і күні Плотницкий мен "ЛХР" "ішкі істер министрі" Игорь Корнеттің араздығы шиеленісіп кеткен. Одан бір күн бұрын Плотницкий Корнетті жұмыстан алып тастаған, бірақ Корнет отставкаға кетпейтінін мәлімдеген. Плотницкий Корнетті "билікті күшпен басып алды" деп айыптады. Қарашаның 23-і күні Плотницкий Ресейге қашып кетті деген ақпарат тарады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Сепаратистік аймақтағы билікке талас

Кремльдің баспасөз қызметі Луганскідегі жағдайға байланысты комментарий беруден бас тартқан.

AzattyqTV

AzatNews 16.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG