Accessibility links

Жээнбековтің инаугурациясына Отунбаева шақырылмаған


Қырғызстанның экс-президенті Роза Отунбаева.

Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жээнбековтің ант беру рәсіміне шақырылған қонақтардың тізіміне экс-президент Роза Отунбаеваны енгізбеген. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне Қырғызстан президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат бөлімі хабарлаған.

Президент әкімшілігі ант беру салтанатына Роза Отунбаеваның не себепті шақырылмағаны туралы түсініктеме берген жоқ.

Жұма күні биыл күзде Қырғызстан президенті сайлауында жеңіске жетіп, Конституцияға сәйкес, кезекті алты жыл мерзімге мемлекет басшысы болып сайланған Сооронбай Жээнбековтің ант беру рәсімі өткен. Бішкектегі "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясындағы салтанатты шараға 450 адам арнайы шақырылғаны туралы хабарланған. Жаңа президенттің инаугурациясына биліктегі өкілеттігі аяқталған экс-президент Алмазбек Атамбаев, парламент депутаттары, министрлер, шетелдік дипломаттар, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысқан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Жаңа президент Жээнбеков Атамбаевтың батасын алды

Қырғызстанда 2010 жылғы сәуірде халық толқуынан кейін сол кездегі президент Құрманбек Бакиев шетелге қашып кеткен соң оппозициялық саясаткер Роза Отунбаева референдум арқылы өтпелі кезеңдегі уақытша президент болып сайланған. Кейін ол жалпыхалықтық сайлауда ел президенті болып сайланған Алмазбек Атамбаевқа 2011 жылғы желтоқсанның 1-і күні билікті өткізіп берген болатын.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

AzatNews 23.10.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:55 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG