Accessibility links

Польша тарихшысын Ресейден "себепсіз" шығарып жіберді


Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің көлігі (Көрнекі сурет).
Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің көлігі (Көрнекі сурет).

"Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) поляк тарихшысы Генрих Глембоцкийді тұтқындап, елден шығарып жіберді" деп хабарлады Польшаның ұлттық жады институты.

Генрих Глембоцкий - Ягеллон университетінің ғылыми қызметкері, доктор. Ол Ресейде 14 қарашадан бері жүрген. Тарихшы 22 және 23 қараша күндері Санкт-Петербургте "Мемориал" құқық қорғау ұйымының және Польша ұлттық жады институтының бөлімшесінде поляктардың тағдырына және НКВД-ның 1937-38 жылғы Үлкен террор кезінде жүргізген "Польша операциясына" арналған ашық дәріс өткізген. Оны 24 қарашада полиция Мәскеуде пәтерінен шыққан жерінде ұстап, ФСБ-нің бұйрығын тапсырған. Онда Глембоцкийдің бір тәулік ішінде Ресейден кетуі тиіс екені айтылған. "ФСБ-нің себепсіз елден шығаруға шешім қабылдауы және оған қарсылық білдіруге мүмкіндіктің жоқтығы Ресейге қайтадан кіруге тыйым салынғанын білдіреді. Бұл дегеніміз мұрағат материалдарына енді қол жетпейді деген сөз" делінген Польша ұлттық жады институтының хабарламасында.

Ресей билігі бұл жағдайға әзірге комментарий бермеді.

Қазан айында Польшадан Новосибирск мемлекеттік техникалық университетінің профессоры, тарихшы Дмитрий Карнаухов депортацияланған болатын. Польша билігі тарихшы ғалымды "жау мемлекеттің пайдасына жұмыс істеді" деп айыптаған. Польша ішкі қауіпсіздік агенттігінің ресми өкілі Карнауховтың "Польшаға қарсы гибрид соғысқа қатысқанын" және "Ресей арнайы қызметімен байланыс орнатқанын" мәлімдеген. Ресей сыртқы істер министрлігі Варшаваның бұл әрекетіне міндетті түрде жауап беретінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG