Accessibility links

СІМ: Индонезиядағы қазақстандықтар көмек сұрап жүгінген жоқ


Индонезияның Бали аралында атқылаған Агунг вулканы. 27 қараша 2047 жыл.
Индонезияның Бали аралында атқылаған Агунг вулканы. 27 қараша 2047 жыл.

Қазақстанның Индонезиядағы елшілігі Бали аралдарындағы жағдайды бақылап отыр, осы уақытқа дейін қазақстандық азаматтардың ешқайсысы елшілікке көмек сұрап жүгінген жоқ. Бұл туралы Азаттыққа Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.

БАҚ-тың хабарлауынша, Индонезияның Бали аралында Агунг вулканының атқылауы салдарынан ондаған мың турист әуежайда қалып қойған. Билік әуежай аспанында вулкан күлінің бұлты пайда болған соң әуежайды бірер күнге жабуға шешім қабылдады. Осыған байланысты жүз шақты рейс ұшпайтын болды. Балиге баратын ұшақтар Джакарта, Сингапур және басқа да қалалардың әуежайларына жіберіліп жатыр.

25 қарашада Агунг вулканы екінші рет атқылаған. Агунгтан шыққан күл жеті километрге дейін созылған. Арал билігі вулканнан бес-сегіз километр қашықтықта орналасқан елді мекендердің 24 мың тұрғынын эвакуациялады.

Индонезияның Бали аралына жыл сайын бес миллионға дейін турист барады. 1963 жылы Агунг вулканының атқылауынан Бали аралында мыңнан астам адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG