Accessibility links

"Қазақмыс" жұмысшыларының "ереуілдеп жатқаны" хабарланды


Жезқазған қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясының кеңсесі.
Жезқазған қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясының кеңсесі.

Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында "Қазақмыс" корпорациясының ондаған жұмысшысы 30 қараша күні таңертең басшылыққа талаптар қойып, шахтадан шығудан бас тартты деп хабарлады Азаттыққа осы қаладағы дереккөзі.

Оның мәліметінше, Оңтүстік-Жезқазған кенешінің 300-ге тарта жұмысшысы 29 қараша күні түскен түнгі ауысымнан кейін 30 қарашаның таңында жер бетіне шығудан бас тартқан. Жұмысшылар корпорация басшылығына жалақыларын 70 пайызға көбейтуді, зейнетақыларын қайта есептеуді, емдеу-сауықтыру санаторияларында тегін емделуді талап еткен. Жұмысшылар өздерімен корпорация басшысы Эдуард Огайдің кездесуін талап етіп, ол орындалмаса шахтадан шығудан бас тартып отыр.

Қазақмыс" корпорациясының баспасөз қызметі Азаттыққа бұл ақпаратты қазір тексеріп жатқанын, анықталғанына қарай комментарий беретінін айтты.

XS
SM
MD
LG