Accessibility links

Дариға Назарбаева әкесінің атына көше беруді "дұрыс" деп біледі


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қызы Дариға Назарбаевамен бірге.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қызы Дариға Назарбаевамен бірге.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы, парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаева әкесінің атын Алматыдағы Фурманов көшесіне беру шешімін "өз елін сүйетін азамат ретінде" дұрыс көретінін айтты. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, Назарбаев бұл туралы бейсенбіде сенат жиынының арасында журналистерге айтты.

"Өзім жаңа ғана естідім. Түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты бұл сұраққа объективті түрде жауап беру қиын. Бірақ, өз елімнің азаматы, тәуелсіздіктің 25 жылында жеткен жетістіктеріне мақтанатын адам ретінде бұл шешімді дұрыс деп санаймын және бүгінгі өміріміздің бейбіт әрі тыныш болғаны үшін еліміздің көшбасшысы үлкен құрметке лайық" деді Дариға Назарбаева.

Алматы қалалық мәслихаты бүгін қалалық ономастикалық комиссия мен үкімет жанындағы республикалық ономастикалық комиссияның келісімімен қала орталығындағы Фурманов көшесінің атын Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп өзгертуге шешім қабылдаған.

XS
SM
MD
LG